На главнуюВыпуски журнала → Киевте Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері өткізілді

Киевте Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері өткізілді

 

2018 жылғы 28 наурызда Киевте Украинаның Ұлттық Ғылым Академиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тұсаукесері өткізілді.

Кітапты таныстыра келе, Қазақстанның Украинадағы Елшісі Самат Ордабаев қазақстандық мемлекеттілікті құру мен дамытудағы Елбасының ерекше тарихи ролін атап өтті. Қазақстандық дипломат, Президенттің сарабдал және көреген саясатының арқасында Қазақстан саяси жүйесі мен нарықтық экономикасы тұрақты, халықаралық беделі жоғары мемлекетке айналғанын айтты. Оның сөзіңше, «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының публицистикалық жанрда жазылуы қайталанбас қазақстандық даму моделінің ерекшелігі, мемлекет үшін маңызды саяси және экономикалық шешімдердің қабылдану логикасын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Украинаның Ұлттық Ғылым Академиясының Вице-Президенті, Академик С.Пирожков кітап туралы пікірін білдіре келе, Қазақстанның қарқынды дамуы Президент Н.Ә.Назарбаевтың нақты стратегиялық мақсаттар мен тапсырмалар, сондай-ақ оларды жүзеге асыру механизмін белгілеу қабілетімен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол халықаралық тенденциялардың өзгеруін ерекше сезіп, ішкі процестерді шұғыл дағдыландырады. Бұл орайда, Академик Қазақстанның Үшінші жаңғыруы мен 5 әлеуметтік бастама бағдарламаларының аса уақытылы қабылдағанын атап өтті.

Ұлттық Педагогикалық ғылымдар академиясының Президенті, Академик В.Кремень Қазақстан Президентінің кезекті еңбегінің фундаменталды сипатын атап өтті. Оның пікірінше, «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы атауының өзінде Н.А.Назарбаевтың көшбасшылығымен қазақстандық даму моделінің зор философиялық мәні жатыр. Қазақстан жетістіктерінің негізгі құраушыларының бірі Н.Ә.Назарбаевтың жүйелі ойлауы, оның батыл да, сарабдал шешімдері екенін В.Кремень атап өтті. Соңғы мысал ретінде – қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі.

Украинаның мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, шейх Ахмед Тамим жаңа кітапты «Қазақстан халқының айнасы», бейнесі оның Көшбасшысы – Н.Ә.Назарбаев деп атады. Ол Қазақстанды дінаралық және  ұлтаралық келісімді сақтаудың үлгісі, және бұл тәжірибені зерттеу, бөлісу қажет деп атап өтті.

Украинаның Сыртқы саясат ассоциациясының Президенті, бұрынғы Сыртқы істер министрі В.Хандогий, Қазақстан қысқа мерзім ішінде халықаралық қатынастардың жүйесіне кедергісіз енді деп мәлімдеді. Сыртқы саясаттың сындарлы сипатының арқасында, Қазақстан жақын көршілерімен және әлемдегі қуатты елдермен жағымды, әрі тең қарым-қатынастар орнатты. ЕҚЫҰ-да табысты төрағалық етті. Қазіргі уақытта БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің белсенді мүшесі болып табылады.

Украинаның академиялық және эксперттік орталары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кітабын жоғары бағалап, Қазақстанның халықаралық сахнадағы жетістіктерін және Қазақстанның Украинамен достық пен ынтымақтастығының тереңдетілуі мен нығаюының маңыздылығын баса айтты.

Іс-шараға дипломатиялық миссия басшылары, Украинаның мемлекеттік органдарының, ғылыми және эксперттік қауымдастық өкілдері, қазақ диаспорасы және БАҚ қатысты.

 

 

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі










 

 
БАНКИ СНГ, Балтии, Грузии
КОНТАКТНАЯ ИНФОРМАЦИЯ:

тел.: (044) 393-04-03 (067) 501-01-66 (050) 523-56-46
e-mail:
bank@banksinfo.kiev.ua
Сайт :
www.DC.banksinfo.kiev.ua
Официальный сайт:
www.banksinfo.kiev.ua
Страница Facebook:
www.facebook.com/bankir.magazine
Юридическая поддержка